Бас прокуратура мемлекет жерін өз бетімен басып алудың 514 фактісін анықтады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратурада игерілмеген жерлерді қайтару, оларды айналымға тарту, жерді өз бетімен басып алу және кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуға жол бермеу мәселелері бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шара елорданы одан әрі дамыту бойынша 2018 жылдың 5 сәуірі күні өткен жиналыста Мемлекет басшысы қойған тапсырмаларды орындауға арналды. 

Жиналысқа Астана қаласының прокуроры, Астана қаласы әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ Қалалық орта сапасын бақылау басқармасының және Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшылары қатысты.

Айта кететін жайт, 2012-2017 жылдар аралығында әкімшілікпен, қалалық прокуратурамен бірлесіп 16 мың га көлемде 1084 игерілмеген жерлер анықталды.

Бірлескен жұмыстардың нәтижесінде ондай жерлердің саны 202-ге дейін төмендетілді.

Сондай-ақ игерілмеген жерлерді тартып алу туралы 12 арыз сотқа енгізілді.

Бүгінде талап-арыздарды қанағаттыру туралы 2 шешім шықты.

Бұдан бөлек, мемлекеттік жерді өз бетімен басып алуға қатысты 514 факті анықталып, 201 тұлғаға қатысты заңсыз құрылыстарды бұзу туралы сот шешімдері шығарылды.

Сонымен қатар Астанада кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуды жүзеге асырған жалпы көлемі 216 га құрайтын 54 карьер бар.

Қалалық прокуратура мен әкімшіліктің бірлескен жұмысының нәтижесінде 183 бірлік техника ұсталып, сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне кең таралған 85 пайдалы қазбаларды заңсыз табу фактілері тіркелді. Әкімшілік жауапкершілікке 13 тұлға тартылды. Олардан сот тәртібінде 4 млн теңгеден астам экологиялық зардап өндірілді.

Бүгінгі таңда игерілмей қалған жерлер санын қайтару, оларды айналымға тарту, жерді өз бетімен басып алу және кең таралған пайдалы қазбаларды заңсыз табуға жол бермеу сұрақтары күрделі мәселе болып қалуда.

Жиналыстың қорытындысы бойынша күрделі мәселелерді шешуге бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.

Осы бағыттағы жұмыс Бас прокуратураның бақылауында.

Соңғы жаңалықтар