Бас прокуратура мектеп оқушыларын гинекологтардың тексерісінен өткізіп тұруды ұсынып отыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченконың айтуынша, бүгінде жыныстық зорлықтың құрбанына айналған балалар көп жағдайда ол қылмыстар туралы ашық айтуға қорқады. Сол себепті прокурорлар мектепте өткізілетін медициналық тексерістерге гинеколог мамандар да атсалысуы қажет деп санайды, деп xабарлайды ҚазАқпарат.

"Мәселен, Батыс Қазақстан облысының покурорлары 6-сынып оқитын қызбен ашық әңгімелесу кезінде оның бір рет емес, бірнеше рет әкесінен жыныстық зорлық көргенін анықтады. Қыз бала интернатқа көшпегенде, ол туралы айтпайтын еді. Алматы облысында 14 жасар қыз ұзақ уақыт бойы жездесінің өзін зорлағанын баяндады. Осы және тағы мысалдарды алып қарасақ, жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болған балалардың көбісі қылмыс туралы ашық айтуға қорқады. Себебі далада қалып қоямыз деп қорқады. Алайда көп жағдайда адамдар ұятқа қаламыз деп үрейленеді. Балалар болса, ештеңе түсінбейді. Осының салдарынан кәмелеттік жасқа толмаған балаларға қатысты сексуалдық қылмыстар жиілеп отырады", - дейді А.Кравченко.

Осыған байланысты Бас прокуратура мектептерде жыл сайын өткізілетін медициналық тексерістер кезінде балаларды гинекологтар мен xирургтар қарап отыруы қажет деп санайды. Негізгі мақсат - зорлық-зомбылықтың іздерін анықтау. Жақын туған-туыстар болса, балаға қатысты жыныстық қылмысқа баруға тартынатын болады.

Бұдан бөлек, прокурорлар ұстаздардың псиxологиялық дайындығын күшейтіп, жыныстық қылмыстың құрбанына айналған балаларды бірден анықтап отыруы қажеттігін алға тартып отыр. 

Соңғы жаңалықтар