Бас прокуратура қызметкері мен ІІД тергеушісі қамауға алынды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Бас прокуратурасының қызметкері К.Н.Рахметов ұсталды, бұл туралы ведомствоның Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.

«Бас прокуратураның ведомствоаралық тергеу-жедел тобы ҚР ҚК 412-бабы 2-тармағы (Көрiнеу кiнәсiз адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту) және ҚК 274-бабы 2-тармағы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша бірқатар азаматтардың шағымымен Бас прокуратураның қызметкері К.Н.Рахметов пен Алматы қалалық ІІД тергеушісі М.А.Решетовке қатысты бірқатар қылмыстық істі тергеп жатыр», - делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Сотқа дейінгі тергеу материалдарына сәйкес Рахметов пен Решетов құқық қорғау және фискалды органдардың қатардағы қызметкерлерінің әрекетінде қылмыс құрамының жоқ екендігін біле тұра, оларға қылмыстық топқа қатысу, жалған кәсіпкерлікке дем беру және қызметін асыра пайдалану қылмыстарын жасады деп кінә таққан.

Бас прокуратураның ақпараты бойынша, Рахметов пен Решетовке қатысты «қамауда ұстау» бұлтартпау шарасы қарастырылды.  

Соңғы жаңалықтар