Бас прокуратура Күлекбаевты өлім жазасына кесуге қатысты түсінік берді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы сот отырысында судья Ерлан Болатов 10 адамның өмірін қиған Руслан Күлекбаевты өлім жазасына кесу туралы шешім шығарды. Алайда Қазақстанда осы санаттағы жазаға мораторий жарияланған. Бас прокуратура осы мәселеге қатысты түсініктеме берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Президент жарлығына сәйкес, елімізде өлім жазасына қатысты сот шешімдерін іске асыру тоқтатылды. Алайда заң бойынша судьяларға ондай шешім шығаруға шектеу жоқ. Соңғы рет Қазақстанда адамды өлім жазасына кесу туралы шешім он жыл бұрын, 2006 жылы шығарылған болатын", - дейді Бас прокуратураның баспасөз қызметінің мамандары.

Айта кетейік, Қазақстанда өлім жазасына моратрий жариялау туралы жарлық 2003 жылы желтоқсан айында күшіне енген болатын. Мораторийдің мерзімі шексіз. Алайда мораторий кез келген уақытта алынып тасталуы мүмкін. Осыған байланысты өлім жазасына кесілген азаматтар түрмеде ұсталады.

Соңғы жаңалықтар