+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Бас прокуратура қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің таралып жатқанын жоққа шығарды

2020 жылғы 14 ақпан 21:32
Бөлісіңіз:
Бас прокуратура қазақстандықтардың жеке мәліметтерінің таралып жатқанын жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті кибер шабуылдарды талдау және тергеу орталығының (КШТТО) ақпараттық жүйелерден деректердің шығу туралы хабарламасы бойынша тиісті тексеру жүргізді.

Ұқсас жаңалықтар
Алматы мектептері қаншалықты қауіпсіз Тоқаев ауылдағы мектептер мен медпункттерге толықтай интернет жеткізуді тапсырды Талдықорғанда жаяу патруль саны артты

Бұл туралы Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ондағы мәліметтерге қарағанда, әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша деректер Интернет желісінде ашық түрде қолжетімді емес екені анықталды. Арнайы сәйкестендірусіз жүйеге кіру мүмкін емес.

Сонымен қатар КШТТО-мен бірге жүйенің осалдығына әсер етпейтін және сақталатын мәліметтерді қорғау үшін қауіп төндірмейтін жекелеген тәуекелдер анықталды. Қазіргі уақытта техникалық қателіктер жойылды.

«Жалпы, Комитет ақпараттық жүйелерді құру кезінде барлық жеке және заңды тұлғалардың дербес деректерінің сақталуына ерекше көңіл бөледі. Осы мақсатта ведомство түрлі құзыретті ұйымдармен, оның ішінде КШТТО-пен ықпалдастықты жүзеге асырады. Атап айтқанда, 2018 жылы бекітілген Меморандумға сәйкес КШТТО-мен бірге Комитеттің ақпараттық жүйелерін заңсыз қол жеткізу тәуекелдеріне тексеру жүргізілді. Қауіп анықталған жоқ»,-делінген хабарламада.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT