Бас прокуратура: Қазақстан азаматтары Украинадағы жауынгерлік қақтығыстарға қатысып жүрген жоқ

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан азаматтары Украинадағы жауынгерлік қақтығыстарға қатысып жүрген жоқ. Бұл туралы бүгін Астанада діни экстремизм мен лаңкестікке қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық конференция барысында тілшілер сауалына жауап беру кезінде ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

Өзге елдердегі әскери қақтығыстарға қатысу қылмыс ретінде қарастырылатынына тоқталған ол, «әрине, осындай адамдар анықталса, онда олар тиісті жазаға тартылатын болады. Бұл бағыттағы қадамдар заңнама сәйкес, адамдардың барлық құқықтарын сақтау тұрғысынан қаралады»,-деді. «Біздің укариналық әріптестер қазақстандық азаматтардың Украинадағы жауынгерлік қақтығыстарға қатысуын растаған жоқ. Осы орайда біз бұл мәселе бойынша олармен байланысты жалғастыратын боламыз»,-деп атап өтті Андрей Кравченко.

Соңғы жаңалықтар