Бас прокуратура қаңтар оқиғасы бойынша ұсталған шетелдіктердің қандай күдікке ілінгенін айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасы Қылмыстық істерді қадағалау қызметінің бастығы Серік Шалабаев қаңтар оқиғасы кезінде ұсталған шетелдіктер қандай күдікке ілінгенін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Терроризм және жаппай тәртіпсіздікке қатысу күдігі бойынша ұсталғандардың арасында шетел азаматтары болды ма?», - деп сұрады депутат Асқарбек Үйсімбаев Мәжілістің жалпы отырысында.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, қазір 19 шетел азаматы күдікті ретінде ұсталған.

«Бүгінгі күні бізде қылмыстық өндіріс бойынша жалпы 19 шетелдік азамат бар. Оның басым көпшілігі, 11-і – Өзбекстан азаматтары, төртеуі – Ресейден, екеуі – Қырғызстаннан және Қытай Халық Республикасы мен Тәжікстаннан 1 адамнан бар. Бұл азаматтардың іс-әрекеттері жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу бойынша, ұрлық және басқа да қылмыстармен дәрежеленеді. Әрине, бұл мәліметтер түпкілікті емес. Тергеу жүріп жатыр, өзгеруі мүмкін», - деді Серік Шалабаев.


Соңғы жаңалықтар