Валюта бағамдары:
    usd/kzt 476.18 eur/kzt 485.56

    rub/kzt 7.76 cny/kzt 70.34
Ауа райы:
Нұр-Сұлтан: 1 °С
Алматы: 15 °С

Бас прокуратура қаңтар оқиғаларына қатысты тың ақпарат таратты

2022 жылғы 15 ақпан 13:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қаңтардың 4-інен 5-іне қараған түні Алматыдағы жаппай тәртіпсіздік пен әкімдік ғимаратын басып алуға тағыс екі шетел азаматы қатысқаны анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы трагедиясы Telegram арнасына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, басқыншылар Мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мен полицияның қарусыз қызметкерлеріне күш көрсеткен.

Биылғы жылдың 1 ақпанында олар соттың санкциясымен қамауға алынды.

Қылмыскерлер 2022 жылдың 6 қаңтарында тікелей эфир ұйымдастыру үшін «Көк төбе» телемұнарасын басып алуды жоспарлаған. Ол үшін олар бейбіт тұрғындарды көндіріп, олардың өміріне қастандық жасады.

Қылмыскерлер айтқандарын орындаудан бас тартқан 1992 жылы туған бір азаматқа шолақ мылтықпен екі рет оқ атып жаралаған.

Қылмысты 1983 жылы дүниеге келген Алматы қаласының бұрын сотталған тұрғыны ұйымдастырғаны анықталды.

Оның қылмысқа қатысы бар екенін куәгерлер растады.

Биылғы жылдың 25 қаңтарында ол сот санкциясымен қамауға алынды.


Автор:

Зарина Туғанбаева

Новости по теме
Серіктестер жаңалықтары