Бас прокуратура ғимаратына қызметкерлер келбетін анықтайтын IT бағдарлама енгізеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жаңа IT бағдарлама Бас прокуратураның қызметкерлерін ғимаратқа кіргізу жүйесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әзірленіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық жас әзірлеуші Мүслім Ертуғанның айтуынша әрбір адамның ешкімге ұқсамайтын 128 өзіне тән бет әлпетті тану нүктелері бар.  IT маманның жасап шығарған бағдарламасы сол жүйеге негізделген. Жаңа жүйені әзірлеуге 1 айға жуық уақыт кетіпті.

«Бағдарлама бүгінде дайындалып жатыр, бұл тектес жобалар әлемде бұрыннан бар. Қытайда өте жақсы дамыған. Қытай полицейлерінде бейнебақылау орнатылған көзілдірік бар, ол арқылы көп адамның ішінен қылмыскердің бет әлпетін танып анықтауға болады. Біздің бағдарлама Бас прокуратураның қызметкерлеріне арналған,  яғни жұмысқа келгенде өткізу (кіргізу) жүйесі, қазір оларда ID карта қолданылады. Біздің жаңа жүйе арқылы қызметкерлер ешқандай карта немесе басқа да рұқсатнамасыз кіре береді. Бұл бір жағынан жалпы қауіпсіздік үшін, екінші жағынан әр қызметкердің өзіндік жеке жүйесі болады», - деді Method PRO бағдарламасы бойынша үздік IT жобалар әзірлеуші атанған Мүслім Ертуған.

Айта кетейік, бұған дейін Елордада еліміз бен шетелдерден қатысқан жас IT мамандардың үздік жобаларының таныстырылымы өткенін жазған болатынбыз. 

 

 

Соңғы жаңалықтар