Бас прокуратура елімізде жыл сайын қылмыс азайып келеді дегенмен келіспейді - А. Кравченко

None
None
АСТАНА. 29 мамыр. ҚазАқпарат - Бас прокуратура елімізде жыл сайын қылмыс азайып келеді дегенмен еш келіспейді.

Бұл туралы Парламент Мәжілісінде «Травматикалық қару: заңнамалық реттеу мәселелері» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

Бас прокуратура өкілінің айтуынша, Қазақстанда травматикалық қаруға рұқсат 2004 жылы енгізілді. 2004 жылдан бастап еркін айналымда болып, 2008 жылдан бері бұл қаруға тіркеулер жүргізіліп келеді. Осыған орай, жалпы қылмысқа қатысты статистиканың травматикалық қару енгізуге соншалықты әсер етпегенін де А. Кравченко алға тартады. «Мәселен, 2004 жылы Қазақстанда 143 мың қылмыс тіркелді. Ал травматика айналымы енгізілгеннен кейінгі бір жылда қылмыс саны 146 мыңға жетті. 2006 жылы қылмыс қайта 141 мыңға кеміді. 2007 жылы - 128 мың қылмыс, 2008 127 мың қылмыс тіркелді. 2009 жылы 121 мың қылмыс тіркелсе, 2010 жылы қылмыс көрсеткіші 131 мыңға артты. 2011 жылы 206 мың қылмысқа бір-ақ жетті. Сондықтан да, статистикаға сүйенетіндерді мен кейде түсінбеймін, елімізде жыл сайын қылмыс азайып келеді дегенмен еш келіспеймін», - дейді А. Кравченко.

Бұдан бөлек, прокурор травматикалық қаруды заңсыз қолдануға қатысты оқиғалар соңғы уақытта жиілеп кеткеніне тоқталды.

Соңғы жаңалықтар