+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

Бас прокуратура елдің оңтүстігіндегі ауқымды операцияның мән-жайын айтты

2018 жылғы 19 ақпан 13:55
Бөлісіңіз:
Бас прокуратура елдің оңтүстігіндегі ауқымды операцияның мән-жайын айтты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бас прокуратура өкілдері оңтүстіктегі 3 облыс пен Алматы қаласында жүргізілген арнайы ауқымды операцияның мән-жайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазіргі таңда 35 күдікті, атап айтқанда кеден органының, шекара қызметінің лауазымды тұлғалары, брокерлер, делдалдар, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелері ұсталды. Қырғызстанның үш азаматы бар. Соттың санкциясымен 33 күдікті қамауға алынды. Арнайы операция алдында біраз уақыт тексеру жүргізілді», - деді Бас прокуратураның ресми өкілі Оксана Лоскутова.

Оның айтуынша, арнайы шара барысында мемлекеттік шекараның Қазақстан-Қытай аймағында орналасқан Алтынкөл, Қалжат және Қорғас кеден бекеттері, Қазақстан-Қырғызстан аймағында орналасқан Қордай мен Қарасу бекеттері мен Қазақстан-Өзбекстанның Сарыағаш, Қазығұрт, Атамекен, Қапланбек шекара аймақтары арқылы тауарларды контрабандалық жолмен тасымалдау анықталған.

«Атап айтқанда, Қазақстанға контрабандалық тауарлар Қытайдан тікелей, сондай-ақ Қырғызстан арқылы кедендік әкімшілеудің көлеңкелі сызбасын, жалған құжаттарды және мөлшерін аз көрсете отырып әкелінген. Күдіктілерге кедендік рәсімдеу және жүкті алып жүруді қамтамасыз ететін кедендік органдар мен шекара қызметінің кейбір лауазымды тұлғалары көмек көрсеткен. Тауарлар Қазақстанның ірі қалалары мен Ресейге жолданып отырған. Мемлекеттік шекараның Қазақстан-Өзбекстан аймағында бекеттер арқылы тауарларды өткізуді жылдамдату үшін кеден қызметкерлері пара алып отырған. Контрабандалық іс-әрекетке қатысты тұлғалар ірі көлемде ақшалай сыйақы беріп арнайы және құқық қорғау органдары тарабынан «қамқорлық» көруге әрекеттенген», - деді ол.


Бас прокуратура елдің оңтүстігіндегі ауқымды операцияның мән-жайын айттыБас прокуратура елдің оңтүстігіндегі ауқымды операцияның мән-жайын айттыРесми өкілдің дерегінше, жүргізілген іс-шаралар барысында барлығы 8 ұйымдасқан қылмыстық топтың заңсыз іс-әрекеттеріне тосқауыл қойылды. Аталған деректер бойынша экономикалық контрабанда, ұйымдасқан топ, қылмыстық ұйым мен трансұлттық ұйымдасқан топ құру және оларға басшылық ету, сол сияқты оларға қатысу және парақорлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«Сот санкциясы негізінде 76 тінту жүргізіліп, нәижесінде едәуір сомада ұлттық және шетел валютасында ақшалай қаражаттар, зергерлік бұйымдар, құқық беретін және бухгалтерлік құжаттар, кедендік декларациялар алынды. Контрабандалық жүктер тиелген екі автокөілк ұсталды. Ақша қаражаттары мен басқа да материалдық құнды заттардың шығу көздері сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында тексерілді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ведомствоаралық тергеу жедел тобымен жүргізілуде. Қылмыстық іс Бас прокурордың бақылауына алынды», - деді Лоскутова.

Бас прокуратура елдің оңтүстігіндегі ауқымды операцияның мән-жайын айтты

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Канат Токабаев
Канат Токабаев
954-059

MURAǴAT