Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.83 EUR 430.99
RUB 6.04 CNY 55.05
Jańalyqtar

Бас прокуратура ел тұрғындарын мемлекет заңдарын сақтауға шақырды

2019 жылғы 12 маусым 16:19 479
Бөлісіңіз:
Бас прокуратура ел тұрғындарын мемлекет заңдарын  сақтауға шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат -  Бас прокуратурасы ел азаматтарын Қазақстан заңдарын сақтауға шақырды. Бұл туралы Бас прокуратура бүгіні өзінің ресми сайтында хабарлады.

Ұқсас жаңалықтар
Нұрлан Нығматулин Мәжілістің Бюро отырысын өткізді Қарапайым тұрғын еңбек мигрантын жұмысқа жалдай ала ма

Айта кетейік, Бас прокуратура осыған дейін заңсыз митингілерді, шерулерді  ұйымдастыруға және қатысуға жол берілмейтіндігін түсіндірген болатын.

«Осыған қарамастан, әлеуметтік желілерде жекелеген адамдар еліміздің ірі қалаларында осындай акцияларды өткізуге арандатушы шақырулар таратуын жалғастыруда.  Құқықтық тәртіп органдарының қызметкерлеріне күш көрсетуге және тiршiлiктi қамтамасыз ету объектiлерiнің жұмысына кедергі келтіруге итермелеуде. Бас прокуратура заңдылықты сақтауға, рұқсат етілмеген жария акциялар ұйымдастырудан және оларға қатысудан тартынуға қайта шақырады»,-делінген Бас прокуратураның хабарламасында.

Сондай-ақ онда осы құқыққа қайшы іс-әрекеттерге қатысы бар адамдарға құқық қорғау органдары қолданыстағы заңнама шеңберінде қылмыстыққа дейінгі, ең қатаң жауапкершілік шараларын қолданатындығы айтылған.

 

 

 

 

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
MURAǴAT