Бас прокуратура: Дикий Арманды ұстауға Ресей араласқан емес

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуроры Берік Асылов күдікті Арман Жұмагелдиевті (лақап аты «Дикий Арман») ұстауға Ресей жағының қатыстылығы туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін болған баспасөз мәслихатында тілшілер Бас прокурордан күдікті «Дикий Арманның» мәлімдемесі жайында сұрады. Осыған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған ақпаратта «Дикий Арман» өзіне қатысты іске Ресейдің араласқанын алға тартқан.

Өз кезегінде Бас прокурор Берік Асылов бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.

«Бұл өтірік ақпарат. Бізде ондай мәлімет жоқ», - деді Бас прокурор.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгін Берік Асылов Мәжілісте қаңтар оқиғасында Дикий Арман қандай қылмыстар жасағанын айтып берді.

Оны қамауда ұстау мерзімі 2023 жылдың 7 қаңтарына дейін ұзартылды.


Соңғы жаңалықтар