Бас прокуратура бизнеске қатысты заңсыз тексерулердің жолын кескен

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бас прокуратура биылғы жартыжылдықта бизнес субъектілерінің құқығын қорғау бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижелерін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жыл басынан бері бизнесті қорғау бағытында ауқымды жұмыстар жүргізілді. Мәселен, кәсіпкерлік саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша 845 қадағалау актісі толтырылды. Жалпы соммасы 212 млн теңгеден асатын 5,5 мың әкімшілік өндіріп алу фактісі тоқтатылды. 6,2 мыңнан астам заңсыз тексерулердің жолы кесіліп, 650-ден астам адам жауапкершілікке тартылды», - деп мәлім етті Бас прокуратураның баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, Бас прокуратура қаңтар оқиғасында түрлі тәртіпсіздіктер жасаған 700-ден астам азаматтың сотталғанын хабарлады.



Соңғы жаңалықтар