Бас прокуратура: Биыл жұмыс берушілер 2,5 мыңнан астам жазатайым оқиғаларды жасыруға тырысқан

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Биыл жұмыс берушілер жасыруға тырысқан 2,5 мыңнан астам жазатайым оқиғалар анықталды. Бұл туралы бүгін Астанадағы Халықаралық адам құқықтары күніне арналған дөңгелек үстелде ҚР Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлім етті.

«Жалақыны кешіктіріп беру мәселесінен бөлек, бізді әрдайым жұмысшылардың еңбек жағдайын тиісті деңгейде қамтамасыз етпеу алаңдатады. Сондықтан да прокуратура органдары тарапынан өндірістік жарақаттану жағдайлары кезінде заңдылықты сақтауға тексерулер жүргізіледі. Биыл біз 2,5 мың жазатайым оқиғаны анықтадық, яғни бұл тұрғыда жұмыс берушілер кәсіпорындарда болған жағдай туралы еңбек инспекцияларына хабарламаған»,-деді А. Кравченко.

Осы орайда ол кейбір ірі бизнес субъектілері қолайлы еңбек жағдайын қамтамасыз ету бойынша шараларды қабылдамайтындығын және адамдар күн сайын өміріне шынайы қауіп тудыратын жағдайда жұмыс істеуге мәжбүр екендігін атап өтті.

«Сондықтан да прокурорлар осыған араласып, бұл заң бұзушылықтардың жолын кесуде»,-деп түйді А. Кравченко.

Соңғы жаңалықтар