Бас прокуратура: «Bek Air» ұшағының апаты бойынша 300-ге тарта адамнан жауап алынды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов «Bek Air» әуе компаниясының ұшағының апатқа ұшырауы фактісі бойынша 300-ге тарта адамнан жауап алынғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Әуе кемесі апатына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. 14 сараптама тағайындалды. 300-дей адамнан жауап алынды. Солардың толық қорытындысын жасағаннан кейін, нақты қалай болғанын, кім кінәлі екенін, қандай кемшіліктер анықталғаны белгілі болады», - деді Марат Ахметжанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар тілшілер «Бек Эйр» әуе компаниясының өкілдеріне қатысты қандай да бір бұлтартпау шарасын қаралды ма?» деп сұрады.
«Ондай шара қаралған жоқ. Өйткені әлі де сараптама мен тергеу амалдары жүріп жатыр. Нақты мән-жай анықталғаннан кейін ғана тиісті шешімдер қабылданады», - деді Бас прокурордың орынбасары.
Еске салайық, 2019 жылдың 27 желтоқсанында «Алматы-Нұр-Сұлтан» рейсін орындамақ болған «Bek Air» әуе компаниясының ұшағы радардан жоғалып кетті.
Кейін 95 жолаушысы және 5 экипаж мүшесі бар ұшақ Алматы әуежайы маңында апатқа ұшырағаны мәлім болды.
Салдарынан 12 адам қаза тапты, 69 жолаушы зардап шекті, оның 9-ы – балалар.
10 қаңтар күні елордада өткен баспасөз мәслихатында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Скляр «Bek Air» ұшағының апатқа ұшырау себебінің басты нұсқасын атады.
Сондай-ақ пилоттардың өзара әңгімесінің хронологиясын жариялады.
- Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды
- Нығматулин: Мәжілісмендер ЕАЭО аясында ауыл шаруашылығы саласындағы келісімді қарайды
- Депутат тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл заң жобасының редакциясын кері қайтаруды ұсынды
- Радиациялық апат кезінде ТМД елдері өзара көмекті жедел ұсынады
-
Халықаралық қаржы корпорациясының қазақстандық кеңсесінің орнықты жұмысына жағдай жасалды
-
Отандық көлік операторларының үлесін арттыруға арналған құжат қабылданды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам