Бас прокуратура Бағдат Манзоровқа қатысты іске түсініктеме берді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокурорының орынбасары Марат Ахметжанов Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоровқа қатысты қылмыстық істің жабылауына байланысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қылмыстық жағдайдың болмауына орай оған қатысты қылмыстық іс тоқтатылды. Осы істі қозғаған және оны тергеген органға ұсыным енгізілді. Атап айтқанда, аталған адамға қатысты қылмыстық іс тоқтатылғанын ресми түрде мәлімдеймін», - деді Марат Ахметжанов Парламент Мәжілісінде тілшілер сауалына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, Бас прокурор Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі органдарына заңдылықты бұзуға жол берген қызметкерлерді тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсынымды енгізді.
Еске салсақ, Алматы облысы әкімінің орынбасары Бағдат Манзоров ұсталғаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Агенттік оған қандай айып тағылғанын айтты.
- Маска режимін жиі бұзатын өңірлер анықталды
- Алматы облысында ауа-райына байланысты жабылған жолдар қайта ашылды
- Алматы және Шығыс Қазақстан облыстарындағы бірқатар жол жабылды
- Қапшағай көлінде дауыл кезінде жағаға жете алмаған балықшылар құтқарылды
-
Боранға байланысты Қапшағайдан ШҚО шекарасына дейінгі жол жабылды
-
Талдықорғанда қоғамдық көлік отқа оранды
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам