Бас прокуратура «Азия Авто» бас акционерін іздеу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы «Азия Авто» бас акционері А.М.Балушкинді Ресей Федерациясының аумағында іздеу тоқтатылғаны туралы ақпаратқа қатысты түсініктемесін берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Бас прокуратураның оны Ресей Федерациясының аумағынан іздеу тоқтатылғаны туралы еш мәліметі жоқ», - делінген хабарламада.

Қаржы мониторингі агенттігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және ҚР ІІМ қызметкерлерінен құрылған ведомствоаралық жедел-тергеу тобы ақша ұрлады деген күдікке ілінген «Азия-Авто» АҚ компаниялар тобының басшыларына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлімі, 2-тармақшасы бойынша тергеу амалдарын жүргізуде.

«28 шілдеде А.М. Балушкиннің («АЗИЯ АВТО» АҚ бас акционері және компаниялар тобы директорлар кеңесінің төрағасы) әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 4-бөлімі, 2-тармақшасы бойынша бағаланып, сот оған қатысты сырттай «қамауға алу» түрінде бұлтартпау шарасын санкциялаған. 12 тамызда Балушкинге халықаралық іздеу жарияланған», - деп хабарлады ҚР Бас прокуратурасынан.

Қазіргі кезде тергеу органдары күдіктінің азаматтығын ауыстырумен байланысты барлық жағдайларды тексеруде.


Соңғы жаңалықтар