Бас прокуратура азаптауларды айрықша тергеу бойынша кодекске түзету енгізбек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат –Бас прокуратура Парламентте азаптаулардың айрықша тергеп-тексерілуін белгілеу туралы қылмыстық-процестік кодекске түзетулер жобасын дайындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас прокуратураның хабарлауынша, Қазақстан азаптауларға нөлдік төзімділік қағидатын ұстанады. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылуда. Азаптауларға байланысты қылмыстар үшін жазаны күшейтетін заң қабылданды.

«Тергеу іс-шараларын уақтылы жүргізбеу дәлелдемелердің жоғалуына және дәлелденбегендіктен істердің тоқтатылуына әкеп соғады. Жалған корпоративті ынтымақтастық шындықты анықтауға кедергі келтіреді. Әріптестер өз қызметкерлерін жасырады, дәлелдерді жасырады. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау үшін Бас прокуратура Парламентте орналасқан прокуратура органдарына азаптаулардың айрықша тергеп-тексерілуін белгілеу туралы қылмыстық-процестік кодекске түзетулер жобасын дайындады», - делінген хабарламада.

Соңғы жаңалықтар