Бас прокуратура әйел мен балаға жасалған зорлық-зомбылықтың жазасын күшейтуді қарастырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас прокуратура қоғамдағы зорлық-зомбылық деңгейін төмендету бойынша шаралар кешенін пысықтап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әйелдер мен балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылық жазасын қатаңдатудың орындылығы жан-жақты талданады.

Осыған байланысты Бас прокуратура осы проблемаларды шешу, әйелдер мен балаларға қатысты жасалған зорлық-зомбылыққа қарсы күрестің тиімділігін арттыру, мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жұмысын жетілдіру бойынша барлық қолда бар ұсыныстарды зерделеуге дайын.

Дәлелді бастамаларды мына электронды мекенжайға жіберуге болады: [email protected]


Соңғы жаңалықтар