Бас прокуратура Алматыдағы қаңтар оқиғасына белсене қатысқандар жайлы айтты

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Бас прокуратурасының 1 қызмет бастығының орынбасары Елдос Қилымжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде Алматыдағы қаңтар оқиғасына белсенді қатысқандарды атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы қаласында 25 наурызда Ш. есімді азамат қамауға алынды. Ол қайғылы қаңтар кезінде «Анна» қару-жарақ дүкенінен винтовканы жымқырып, әуежайға полиция департаментіне және Алматы қаласы, Алмалы ауданының полиция басқармасына шабуыл жасады. Құқық қорғау органдары Н. есімді азаматты анықтады. Ол ағымдағы жылдың 5 қаңтарында бір топ адаммен бірге «Қазаэронавигация» ғимаратын басып алды және Алматы қаласы әуежайының ұшу-қону жолағының жарығын өшірді», - деді Бас прокуратура өкілі.

Оның айтуынша, Алматы қаласы әкімдігінің алдындағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деген күдікпен Алматы облысының тұрғындары да ұсталған.

«Арнайы прокурарлар ағымдағы жылы 4 сәуірінде Алматы қаласы әкімдігінің алдында жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырғаны үшін Алматы облысының 10 тұрғынын ұстады», - деді Елдос Қилымжанов.

Шара барысында ол жаппай тәртіпсіздікке 12 ұйымдасқан қылмыстық топтың қатысқанын мәлім етті.


Соңғы жаңалықтар