Бас мүфти Рамазан айында азық-түлік бағасын арзандатуға үндеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат — Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айында азық-түлік бағасын 10 пайызға арзандатуға үндеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Кәсіпкер азаматтарды, сауда орталықтарының басшыларын қасиетті айдың құрметі үшін халқымыздың тұрмыс жағдайын ескеріп, әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен азық-түлік бағасын мүмкіндігінше 10 пайызға дейін төмендетіп, жеңілдік жасауға үндеймін. Жақсы амалдарыңыз өздеріңізге еселеп жақсылық болып қайтатынында күмән жоқ. Мұндайда халқымыз: «Қайырымдылық жасасаң – қайырын өзің көресің» демей ме?!», - деді Бас мүфти БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол барша қауымға қасиетті Рамазан айында арақ-шарап ішілмесе және дүкендерде сатылмаса, мүмкіндігінше құдайы астар кешкі ауызашар уақытында өткізілсе деген тілегін жеткізді.

Еске салсақ биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады. Қасиетті Қадір түні - 17 сәуірден 18 сәуірге қараған түн. Ал 21 сәуір - Ораза айттың бірінші күні.


Соңғы жаңалықтар