+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Бас мүфти мақтааралдық үш отбасыға баспананың кілтін табыс етті

2020 жылғы 19 мамыр 00:46
Бөлісіңіз:
Бас мүфти мақтааралдық үш отбасыға баспананың кілтін табыс етті

МАҚТААРАЛ. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы су тасқыны болған Мақтаарал ауданына келіп, тұрғындармен кездесті. Топан судан зардап шеккен ауыл тұрғындарының қазіргі жағдайымен танысты, хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Жамбылда жыл соңына дейін 55 көппәтерлі тұрғын үй пайдалануға беріледі «Нұрлы жер»: Батыс Қазақстанда 6 көпқабатты үй пайдалануға берілмек Мақтааралда жаңа шағынаудан ашылып, 386 үй ел игілігіне берілді

«Nur Otan» партиясы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев Бас мүфтиге су алған ауылдар мен эвакуациялық бекеттерде жүргізіліп жатқан жұмыстарымен таныстырды. Наурызбай қажы Тағанұлы Мақтаарал ауылдық округі мен Атакент кентіндегі эвакуациялық бекеттерде болып, сонда уақытша орналастырылған тұрғындарға ауызашарға арнап «Рамазан тәттісін» ұсынды. Алып келген 30 тонна ұнды орталық қоймаға табыстап, облыстық қайырымдылық қорына көмек ретінде аударылатын 10 млн теңгенің сертификатын табыстады.

«Апат айтып келмейді. Жаратушы бізге осындай сынақ берген екен. Ендеше сабыр сақтай отырып, сынан сүрінбей өтуді жазсын деп тілейік. Өздеріңіз білетіндей, еліміздің түкпір-түкпірінен көптеген көмек арқылы барша халық қолдау танытып жатыр. Көмек қолын созып мақтааралдықтармен бірге екенін білдіріп жатқан барлық азаматтарға Алла разы болсын. «Әрбір істің қайыры болады» демекші Алла қаласа Үкімет тарапынан салынып жатқан су жаңа үйлерге қоныстанатын боласыздар. Бұдан кейін қуанышты күндер көп болсын», - деді Бас мүфти.

Сапар соңында Наурызбай қажы Жетісай ауданында болып, «Баспанаға жол» қайырымдылық қоры есебінен салынған 3 бірдей үйдің кілтін әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға салтанатты түрде табыс етті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айнұр Ақбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT