Бас мүфти қырғыз делегациясын қабылдады

None
None
АСТАНА. 13 маусым. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Астанадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде ТМД мүфтилерімен ресми кездесуінде дін қайраткерлеріне өзара тәжірибе алмасуды, имамдардың қарым-қабілетін арттыруды ұсынған еді. Бүгін Бас мүфти Қырғызстан мұсылмандары діни басармасының наиб мүфтиі Зәмір Рақиев бастаған қырғыз делегациясын қабылдады. Бұл туралы «Әзірет Сұлтан» мешітінің ресми сайтынан хабарланды.

Кездесуде діни басқармалар арасында тәжірибе алмасу, имамдардың білімін арттыру, кейбір ортақ пәтуаларды бірлесе шығару сынды мәселелер талқыланды. Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қонақтарға ҚМДБ қызметімен таныстырып, әр бөлімнің атқаратын жұмысы жайлы баяндап берді. Кездесуден кейін ҚМДБ Аппарат жетекшісі Ғылымбек Мәжиевтің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өтті. Басқосуда діни басқарманың бөлім меңгерушілері өз тәжірибелерімен, ой-пікірлерімен бөлісті.

Соңғы жаңалықтар