+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бас мүфти: Құрбан айт –Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі

2020 жылғы 31 шілде 09:50
Бөлісіңіз:
Бас мүфти: Құрбан айт –Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қазақстандықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
30 мыңнан аса отбасыға құрбандыққа шалынған мал еті таратылды Құрбан айт: Қойдың үйітілген басы да мұқтаж жандарға таратылуда Алтай Әбибуллаев: Құрбан айтта – мейірім мен ізгілік насихатталады

«Баршаңызды күллі исі мұсылман баласы асыға күтетін ұлық мейрам – Құрбан айтпен шын жүректен құттықтаймын! Айттарыңыз қабыл болсын! Сіздерге Алладан амандық, мықты саулық, мол ырыс пен бақ-береке тілеймін!

Құрбан айт – асыл дініміз Исламдағы екі ұлық мерекенің бірі. Айтулы күнде мұсылман қауымы Құдай жолында құрбан шалып, қанағат пен қайырымдылықтың, мейірімділік пен ізгіліктің риясыз үлгісін көрсетіп, көмекке мұқтаж жандардың бата-тілегін алып, алғысына бөленеді», - делінген Бас мүфтидің құттықтауында.

Сондай - ақ, Наурызбай қажы Та ғанұлы әлемдегі және елдегі жағдайға байланысты Құрбан айтты өз дәрежесінде аталып өтілмей жатанына да тоқталды.

«Өкінішке қарай, әлемдегі және елдегі жағдайға байланысты Құрбан айтты өз дәрежесінде атап өтіп, жамағатпен құлшылық жасай алмаймыз. Алланың аманаты болған өміріміз бен денсаулығымызды сақтау – мұсылмандық міндетіміз. Алайда сауап іздеген адам үшін жақсылықтың есіктері қашан да ашық. Біз осы ретте құрбан шалу шараларын қашықтықтан жүзеге асыруды қолға алдық. Мешіттеріміз ашылып, жамағатпен құлшылық жасайтын күнді жақын етіп, қалыпты өмір тіршілігіне қайта оралуды жазғай», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

#Дін  
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT