+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Бас мүфти кәсіпкерлерді дәрі-дәрмекке мұқтаж отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырды

2020 жылғы 13 шілде 12:07
Бөлісіңіз:
Бас мүфти кәсіпкерлерді дәрі-дәрмекке мұқтаж отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) төрағасы, Бас мүфти болып Наурызбай қажы Тағанұлы кәсіпкерлер мен дәулетті жандарды дертке шалдыққан және дәрі-дәрмекке мұқтаж болып отырған отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Өткен тәулікте пневмониямен ауырғандар - 1011, 15  адам қайтыс болды Әзербайжанның бірқатар қаласында карантин режимі жеңілдетілді Шымкенттегі провизорлы орындар мен күндізгі стационарларда ем алушылар 77%-ға азайды

«Қадірлі халайық! Біз тағдыр мен тарихтың нәубетті кезеңінен, аласапыран заманның сынынан абыроймен өткен халықпыз. Қуанышы мен қайғысы арпалысқан өткінші өмірде кез келген пенде сыналмай тұрмайды. Осы күндерде күллі әлем бір тарының қауызына сыйғандай күй кешуде. Біз де сындарлы сәттермен бетпе-бет келдік. Қайғылы хабарлар баршамыздың қабырғамызды қайыстырып, елдің еңсесін түсіруде. Осы ретте жұқпалы індеттен қайтыс болған азаматтардың жақын жұрағаттары мен ағайын-туғандарына өз атымнан тағы да көңіл айтамын. Марқұмдарға Алладан рақым, Пайғамбардан шапағат тілеймін. Алды пейіш, арты кеніш болғай. Қазалы үйге Жаратқанның өзі жар болсын. Ал емделіп жатқан отандастарымызға Алла шипасын берсін. Дертінен толықтай айығып, тез сауығып кетсін», - деді Бас мүфти.

Оның айтуынша, бүгін мешіт-медреселерімізде марқұмдарға арнап, арнайы Құран Хатым дұғасы жасалуда.

«Құдай қабыл еткей!. Көптеген азамат сынақ сәтінде дертке шалдыққандарға дәрі-дәрмек пен мұқтаж жандарға көмектесіп, қолдарынан келгенше көмектерін аямауда. Олардың баршасына Алла разы болсын. Осы ретте еліміздегі барша кәсіпкерлер мен дәулетті жандарды ел игілігі үшін дертке шалдыққан және дәрі-дәрмекке мұқтаж болып отырған отандастарымызға қолдау көрсетуге шақырамын. Елдің игілігі мен халқымыздың амандығы үшін бірлігімізді көрсететін кез келді. Әрбір жақсылығымыз осы бір нәубетті кезеңнен аман-есен өтуге себепкер болғай!. Раббымыз азат елді аза тұтқызбай, ел еңсесі мен туымызды төмен түсірмей, індетті іргемізге жуытпай, мерейімізді әрқашан үстем еткей!. Ең бастысы, сағымыз сынбасын. Жаратушы иеміздің жәрдемінен бұл сынақты да жеңеміз, иншалла. Жаңа күннен жақсылық күткен мұсылман баласы рухын түсірмей, келер күнді игі ниетпен қарсы алады. Қашан да болашақтан үміт күтеді. Деніміз қуатты, әр күніміз шуақты болғай, әмин!», - дейді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Елорда уақытымен сағат 13:00-де осы күндері қариларымыз оқып жатқан Құран Хатымның дұғасы жасалады. Ал Бас мүфтидің қатысуымен республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жасалатын Құран Хатым дұғасына ҚМДБ-ның Instagram желісіндегі ресми парақшасы және YouTube каналы арқылы онлайн қосылуға мүмкіндік бар.

Айта кетсек елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты халыққа үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 13 шілдені – Ұлттық аза тұту күні деп жариялайтыны туралы мәлім еткен болатын. Тиісті өкімге Мемлекет басшысы келесі күні қол қойды.

Қазақстанда коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты бүгін - Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT