Бас мүфти биыл Қадыр түнін үйде қарсы алу керектігін қадап айтты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы биыл Қадыр түнін мешітте қарсы алуға шектеу қойылатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы ретте биыл Қадыр түніне мамыр айының 19-нан 20-на қараған түнге сәйкес келеді. Бұл түнді үйде қарсы алу керектігін баса айтқым келеді. Мешіттеріміз ашылғанымен, күндіз таңғы сағат жетіден кешкі сағат сегізге дейін ашық болады. Жоғарыда атап өткенімдей, елімізде төтенше жағдай режимі аяқталғанымен жұқпалы індеттің қаупі толық сейілген жоқ», - деді Бас мүфти ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы 18 мамырдан бастап мешітке келетін жамағатқа үндеу тастаған болатын.


Фото: ummet.kz
Соңғы жаңалықтар