+7 (701) 759 90 19
USD 432.94 EUR 513.68
RUB 5.62 CNY 66.1
Jańalyqtar

Бас мүфти: Ауызашарды үйде беру мен қоржынға салып жеткізудің сауабы бірдей

2021 жылғы 8 сәуір 17:58
Бөлісіңіз:
Бас мүфти: Ауызашарды үйде беру мен қоржынға салып жеткізудің сауабы бірдей

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауызашарды үйде беру мен қоржынға салып жеткізудің сауабы бірдей. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Құран оқу бөлмелеріне 10 адамнан артық кіруге болмайды – діни басқарма Дені сау адам фидия садақасымен оразадан құтыла алмайды – Бас мүфти Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма

«Ораза кезінде бәріміз Тарауыққа, ауызашарға үйреніп қалдық. Өкінішке қарай, Алла Тағала бізге осындай кезеңді көруді жазыпты. Енді бұл кезеңнен де сақтықпен, ақылмен, мәдениеттілікпен өтуіміз керек. Қазір қолымыздан келгенше «ораза қоржыны» деген атпен ауызашар беру тәртібін насихаттап жатырмыз. Еліміздің бірқатар өңірі қызыл аймаққа өтіп, сары аймақта да бірнеше өңір бар. Сондықтан сақтық шарасына назар аударып, ораза ауызашарды барынша жеткізіп беру арқылы өткізсек деп отырмыз. Бұл бір-бірімізге деген құрметіміз болады», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.

Бас мүфти ауызашарды жеткізіп беру мен үйде не дәмханада ауызашар берудің сауабы бірдей екендігін баса айтты.

«Сіз үйде немесе асханада ауызашар берсеңіз де, ауызашарды қоржынға салып, ауыз бекіткен жанға жеткізіп берсеңіз де сауабы бірдей болады. Ауызашар беру сүннет, сауапты амал. Міндеттелген амал емес. Ал адамның өмірін сақтау, қорғау бізге бұйырылған міндетті амал саналады», - деді Бас мүфти.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT