Бас мүфти Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Алматыда қайғылы оқиға кезінде қаза тапқан азаматтардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бас мүфти қаралы үйге барып, марқұмдарға құран бағыштады. Марқұмдардың туған-туыстарын сабырға шақырды.

«Қазақ мұндайда «тас түскен жеріне ауыр» деген. Әрине ет жақыныңнан айырылу оңай емес. Сіздерге Алладан көркем сабыр тілейміз. Қасиетті Құранда қиындықтан соң, бір жақсылықтың келетіні айтылған. Сынаққа сынбай, сабыр етсеңіздер, Жаратқанның пендесіне берер сыйы мол. Алла Тағала марқұмдардың жанын жәннаттық етсін», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.


Соңғы жаңалықтар