+7 (701) 759 90 19
USD 428.71 EUR 519.12
RUB 5.79 CNY 66.61
Jańalyqtar

Бас мемлекеттік санитар: Дауыс беруге бала ертіп келмеңіздер

2021 жылғы 10 қаңтар 09:46
Бөлісіңіз:
Бас мемлекеттік санитар: Дауыс беруге бала ертіп келмеңіздер

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов сайлау процесінде коронавирус инфекциясынан сақтану алгоритмін түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін азаматтар ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарына дауыс беруде. Сайлау барысында Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысымен бекітілген коронавирус инфекциясы таралуының алдын алу алгоритмі сақталуы керек. Алгоритмде COVID-19 инфекциясының таралуын шектеу жолдары қарастырылған. Сайлау комиссияларының қызметін ұйымдастыруда, сайлау учаскесінде дауыс беру процесінде, сайлау учаскесінен тыс жерде дауыс беру барысында, сайлау учаскесінде дауыстарды санағанда, бақылаушылар мен сенімді тұлғаларға қойылатын талап әлеуметтік арақашықтық сақталуы тиіс», - деді вице-министр.

Оның айтуынша, сайлау комиссиясының жұмысын ұйымдастыру барысында сайлау комиссияларының мүшелері, байқаушылар, сенім білдірілген тұлғалар учаскеде маска режимін сақтауы, 3 сағат сайын масканы ауыстырып отыруы қажет. Қолмен амандасуға, келген адамдармен жақын байланысуға болмайды. Сайлау өтетін жерді жиі тазалап отыру керек. Жиһаздар 1,5-2 метр арақашықта орналастырылғаны жөн.

«Сайлау учаскесіне келген сайлаушыда медициналық немесе қорғаныш маска, антисептикалық зат болуы қажет. Бюллетень алғанда жеке басты куәландыратын құжатты комиссия мүшесінің қолына бермей ашып көрсету керек. Мүмкіндік болса сайлауға өз қаламыңызбен келген дұрыс немесе болмаған жағдайда сайлау комиссиясы сізге қалам береді. Дауыс беруге бала ертіп келуге тыйым салынады», - деді Ерлан Қиясов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT