Бас көлік прокуратурасы Шамалғандағы апатты тергеу барысын бақылауға алды

ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат – Еліміздің бас көлік прокуратурасы Алматы облысындағы Шамалған станциясында болған апатты тергеуді өз бақылауына алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Бүгін, 15 қыркүйек күні Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде Алматы-Қостанай бағытындағы пойыз жолаушылар автобусымен соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға орнында бір адам қайтыс болды. 4 адам түрлі дене жарақатын алды. Аталған факті бойынша полицейлер ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағы; ҚР ҚК 344-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу барысын Бас көлік прокуратурасы бақылауға алды» делінген Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін 19:30 минутта Шамалған станциясында пойыз бен автобус соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобус темір жолдың релсіне шығып кеткен. Оқиға орнында автобус жүргізушісі мерт болды. Тағы үш адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақсеңгір-Шамалған теміржол өткелінде поезд бен автобус соқтығысынан жапа шеккендердің туған-туыстарына көңіл айтты.
- Алматының бірнеше шағын ауданында суық су болмайды
- Ураинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты
- Семейде екі жігіт зейнеткерді өрттен құтқарды
- Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз кеткен зейнеткердің денесі табылды
-
Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған
-
Карантин: Шымкентте қоғамдық көліктердің жұмысы шектелді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам