Бас қаланы өркендету жолында төгілген маңдай тер Елбасыға тиесілі - Бақыт Сарай

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бас қала тіпті қалыптаспай жатып, оған сенген біреу болса, ол - Елбасы. «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің Моңғолиядағы өкілі, Моңғолия Қазақ жастары одағының төрайымы Бақыт Сарай осылай дейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгін Астананың Нұр-Сұлтан аталуы жөнінде жарлық шықты. Өз басым, бұл өзгерісті қолдаймын және көзқарасы ортақтарды құттықтаймын. Бас қала тіпті қалыптаспай жатып, оған сенген біреу болса, ол - Елбасы. Соның жайқалуы, өркендеуі жолында маңдай тер де соған тиесілі. Ендеше, еңбектің жемісін көре тұрып, лайық адамға лайық құрмет көрсетуден бас тартуды, шыны керек, түсінбеймін. Жеке азаматтық позициямды айтар болсам, қолдаймын. Кемеңгер саясаты, әкелік қамқорлығы үшін алғысым шексіз», - дейді «ҚазАльянс» қоғамдық бірлестігінің Моңғолиядағы өкілі, Моңғолия Қазақ жастары одағының төрайымы Бақыт Сарай.

Соңғы жаңалықтар