+7 (701) 759 90 19
USD 379.75 EUR 415.18
RUB 5.78 CNY 54.19
Jańalyqtar

Бас қалада әл-Фараби мен Абай мерейтойының тұжырымдамасы бекітілді

2020 жылғы 21 қаңтар 01:21
Бөлісіңіз:
Бас қалада әл-Фараби мен Абай мерейтойының тұжырымдамасы бекітілді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада әл-Фарабидің 1150 жылдық және Абайдың 175 жылдық мерейтойын атап өту бойынша арнайы жоспар құрылып, тұжырымдама бекітілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Семейде Құнанбай Өскенбайұлына арналған көрме ашылды Полицейлер арасында «Абай оқулары» байқауы өтті - Қарағанды облысы Жамбыл облысында Абайдың 175 жылдығына арналған фестиваль өтті

«Биыл елімізде бірнеше айтулы мерейтой мен даталарды атап өткелі отырмыз. Атап айтқанда, Абайдың - 175, Әбу-Насыр әл Фарабидің - 1150, Алтын Орданың - 750 жылдығы. Осы орайда ел ордасы - Нұр-Сұлтан қаласында өтетін маңызды іс-шараларды талқылау үшін жиналып отырмыз. Одан бөлек, биыл ІІ дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына 75 жыл, Конституциямызға - 25 жыл және Қазақстан халқы ассамблеясына - 25 жыл толады. Еліміз үшін маңызды шаралардың елордадан бастау алатынын білесіздер. Сондықтан біз әрбір іске жауапкершілікпен қарауымыз керек. Әл-Фараби мен ұлы Абайдың мерейтойы қағаз жүзіндегі шаралармен ғана өтпеуі тиіс», - деді қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен әкімдікте өткен жиында.

Сондай-ақ, әкім орынбасары елордада өтетін шараларға жауапты басқармалар мен ұйымдар дайындықты күшейтуі керектігін қадап айтты.

«Абайдың 175 жылдығы мен Әбу-Насыр әл Фарабидің 1150 жылдық мерейтойын атап өту бойынша тиісті жоспар бекітілді. Арнайы тапсырма бар. Оның ішінде қалалық деңгейде өтетін іс-шаралардың тұжырымдамасы жасалып, бекітілді. Бас қалада мерейтойға орай нақты істер қолға алынуда, соның бірі - «Абай әлемі» орталығы. Елордада бас ақынға арналған орталық болуы тиіс. Орталықтан қала тұрғындары мен қонақтары экспонатты ғана тамашалап қоймай, рухани азық алатындай болуы қажет. Абай - жан-жақты тұлға, сондықтан ол орталыққа біз ақын-жазушылармен қатар суретші, тарихшы, музыканттарды да тартуымыз керек. Себебі Абай әлемі кең. Осы орайда кітап шығардық, қазір оны толықтырып жатырмыз. Ол үлкен жоба болайын деп тұр, алдағы уақытта арнайы мәжіліс өткізіп, таныстырамыз. Және әрбір шараға жауапты ұйымдар мен мекемелер дайындықты күшейтуі тиіс», - деді ол.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әли Ибраев

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT