Бас инспектор ақау шыққан Airbus ұшағына қатысты түсініктеме берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ Ауыр әуе кемелері басқармасының басшысы – бас авиациялық инспектор Игорь Петяшин Airbus А321/А320neo ұшағына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Оның айтуынша, Air Astana 2016 жылдың соңынан бастап, Airbus А321/А320neo типті 8 әуе кемесін пайдаланады.

«Ұшақ инновациялық технологиялар негізінде құрастырылған және әуе кемесінің маңызды жүйелерінің бірі – жанармайды аз шығындап, жоғарғы қуатқа жетуге мүмкіндік беретін жаңартылған қозғалтқышы. Бұл көрсеткіштерге қол жеткізу үшін қозғалтқыш құрылымының күрделенуіне байланысты, алғашқы жылдары Airbus ұшақтарында да, Boeing ұшақтарында да конструктивтік өндірістік кемшіліктер білінді. Өндіруші зауыт операторларының мәліметіне сәйкес, бұл модель үнемі жетілдіріліп отырады. Қазақстанда осы қозғалтқыштарды пайдалануда төмен қысымды компрессордың қалақшалары және май жүйесі желілерінің қорабынан кемшіліктер туындаған», - дейді бас авиациялық инспектор.

Қазіргі уақытта май жүйесі желілері қорабының жетіспеушілігі толығымен жойылған.

«Air Astana әуе компаниясында бұл агрегат жетілдірілген нұсқада орнатылып жатыр. Сонымен бірге, авиакомпания Airbus Pratt&whitnеу-мен бірге қозғалтқыш компрессорының қалақшаларын күшейтілген қалыпқа ауыстыру жұмыстарын жүргізуде. Әуе кемелерінің жаңа модельдері толығымен жетілдірілген қозғалтқыштармен келіп жатыр», - деді Игорь Петяшин.

Айта кетейік, «Эйр Астана» компаниясының Нұр-Сұлтан – Бейжің бағытында жолға шыққан Aibus A321neo ұшағы әуежайға қайтып оралған болатын. Ұшақта болған 128 жолаушы жергілікті уақыт бойынша сағат 4.00-де басқа рейспен сапарларын жалғастырған.



Соңғы жаңалықтар