Бас Ассамблея БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 14 жаңа мүшесін сайлады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бейсенбі күні БҰҰ Бас Ассамблеясында Адам құқықтары жөніндегі кеңестің 14 жаңа мүшесін сайлау бойынша дауыс беру өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат БҰҰ сайтына сілтеме жасап.

Шығыс Еуропа елдері тобынан екі орынға Армения, Молдова және Польша таласты, алайда Молдова қажетті дауыс санын жинай алмады.

Германия мен Нидерланды Кеңесте Батыс Еуропаны таныстыратын болады, ал Африка елдері тобының төрт бос орнына Ливия, Мавритания, Намибия және Судан орналасты.

Азия атынан төрт орынға Кеңесте бес ел таласты. Олар: Индонезия, Ирак, Жапония, Маршалл аралдары және Корея Республикасы. Нәтижесінде Ирак Маршалл аралдарынан бір дауысқа жеңіліп қалды.

Латын Америкасы мен Кариб теңізінен екі орын үшін алғашқыда Бразилия мен Венесуэла таласқан еді, кейін Коста-Рика қосылды, алайда ол небәрі 76 дауыс жинап, Кеңеске өте алмады. Ал оның қарсыластарына сәйкесінше 153 және 105 ел дауыс берген.

Айта кеткен жөн, БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі 2005 жылы құрылған еді.

Кеңес құрамына 47 мемлекет кіреді.

Соңғы жаңалықтар