«Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында бүгін, 19 қарашада, елордада Ресейдің «Авангард» (Омбы) командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын елорда уақытымен сағат 19.30-да басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бұған дейін 55 мәрте кездесті. Оның 19-ы «Барыстың» басымдығымен аяқталса, қалғанында ресейлік клуб жеңіске жетті. Айта кетерлігі, екі команданың соңғы төрт кездесуінің үшеуінде елордалық хоккейшілердің мерейі үстем болды.

«Барыс» 23 ойыннан кейін 25 ұпай жинап, турнир кестесінде 16 орында келеді. Ал 26 ойыннан кейін 36 ұпай еншілеген «Авангард» 5 орында тұр.

Бұдан бұрын«Барыс» буллитте «Металлургке» жол берді.


Соңғы жаңалықтар