«Барыстың» бүгінгі қарсыласы - «Адмирал»

None
None
АСТАНА. 26 желтоқсан. ҚазАқпарат - Бүгін Астана қаласының «Барыс» хоккей клубы өз алаңында «Адмирал» (Ресей, Владивосток) командасын қабылдайды.

Бұл команда ҚХЛ чемпионатына биыл қосылған болатын. Сол себепті осы уақытқа дейін «Барыс» пен «Адмирал» бір-ақ рет кездесті. Қазан айында өткен матчта Астана қаласының хоккей клубы Владивосток құрамасын 3:1 есебімен ұтқан.

Айта кетейік, қазіргі кезде «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының жалпытурнирлік кестесінде 4-ші орында келеді. Оның еншісінде 73 ұпай бар. Ал оның бүгінгі қарсыласы - «Адмирал» 48 ұпаймен 19-шы орында.

Соңғы жаңалықтар