«Барыстың» «Авангардқа» қарсы алғашқы матчын қайдан көруге болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, 14 наурыз күні Астананың «Барысы» Гагарин кубогының екінші кезеңі аясында Омбының «Авангардына» қарсы алғашқы кездесуін өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM» САА-ға сілтемемен.

Кездесу Астана уақытымен 19:30-да басталады. Оны Qazsport және КХЛ-ТВ телеарналары тікелей эфирден көрсетеді.

Айта кетейік, серия командалардың бірі төрт рет жеңіске жеткенге дейін жалғасады.

Соңғы жаңалықтар