«Барысқа» әлемдегі ең ұзын хоккейшілердің бірі келді
Елордалық «Барыс» хоккей клубының сайтынан мәлім болғанындай, 1991 жылғы В.Сведбергпен осы маусымның аяғына дейін келісімшартқа қолқойылды.
Бұрын ҚХЛ-да өнер көрсетпеген қорғаушының бойы -2 метр 4 сантиметр, салмағы 108 келі.
В.Сведберг Швецияның «Рёгле» клубында спорттықжолын бастаған. Сондай-ақ «Фрёлунда» құрамында ойнап көрген. Биылғымаусымды «Линчёпинг» командасында бастаған Виктор Сведберг Ұлттықхоккей лигасының да дәмін татқан. Соның ішінде 2015-2016 жылдары «ЧикагоБлэкхоукс» құрамында 30 кездесу өткізіп, 4 ұпайға (2 гол+2 пас) ие болған.
Швециялық хоккейші 2013-2018 жылдары барлығы 269матчқа қатысып, 82 ұпайға (14+68) қол жеткізген.
Еске сала кетейік, кеше астаналық «Барыстың» өз айдынында Найджел Доустыңкомандасына есе жібергенін жазған болатынбыз.