«Барыс» «Торпедоны» жеңіп ҚР Президенті Кубогының финалына шықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада хоккейден Қазақстан Президенті кубогының матчында «Барыс» пен Өскеменнің «Торпедосы» кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші кезеңде ешқандай шайба салынған жоқ, екіншісінде Коди Куник есеп ашты, ал Эрик Мартинсон оны ұлғайтты, дегенмен Эрик Алдабергенов шиеленістің бетін қайтарған.

Үшінші кезеңнің бірінші минутында Даррен Диц жеңістің кімге бұйыратынын дәлелдегендей болды. Бірақ Максим Худяков Өскемен командасына үміт отын қайта жақты. Шиеленіске толы кездесу 4: 2 есебімен аяқталды. Жеңіс елордалық команданың еншісінде.

Енді, ертең сағат 12: 00 -де «Торпедо» турнирдегі үшінші орын үшін қытайлық «Kunlun Red Star» командасымен ойнайды, ал 17: 00 -де «Барыс» қарағандылық «Сарыарқамен» бас кубок үшін таласады.

Соңғы жаңалықтар