+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

«Барыс» - «Сибирь» кездесуін қайдан көруге болады

2020 жылғы 18 ақпан 13:56
Бөлісіңіз:
«Барыс» - «Сибирь» кездесуін қайдан көруге болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасында Ресейдің «Сибирь» (Новосібір) командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екі команда бүгінгі күнге дейін 36 мәрте шеберлік байқасты. Елордалық клуб 16 кездесуде басым түссе, қалғанында қарсыласына есе жіберді. Биылғы додада екеуі Новосібірде бір рет кездесіп, онда елордалық хоккейшілер 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

«Сибирь» плей-офф кезеңіне жолдама алды. Қазір турнир кестесінде 57 ойыннан кейін 68 ұпай жинап, оныншы орында тұр. Ал турнир кестесінде алтыншы орында келе жатқан «Барыстың» еншісінде 58 ойыннан кейін 79 ұпай бар. Олар да плей-офф кезеңіне берілген жолдама тағдырын бірнеше тур бұрын шешіп қойған еді.

«Барыс» алты тур бойы қатарынан жеңіске жетіп келеді. Ал «Сибирь» ала-құла ойынымен көзге түсіп жүр. Соңғы рет олар елордада «Барыстан» 2017 жылдың 17 қыркүйегінде ғана 4:0 есебімен басым түсті.

«Барыс» пен «Сибирь» арасындағы кездесу елорда уақытымен 19.30-да басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұдан бұрын «Барыс» елордада Ресейдің «Сочи» командасынан 3:2 есебімен басым түсті.
Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT