«Барыс» швейцариялық «Лугано» командасынан ойсырай ұтылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Барыс» жаңа маусым алдындағы қорытынды жолдастық кездесу өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

Порц қаласында (Швейцария) «Барыс» жергілікті «Лугано» командасымен ойнады. Матч қазақстандықтардың ойсырай жеңілуімен (3:7) аяқталды.

Қарсыластардан шайбаны Маттео Романенги (3-минутта), Рето Сури (4-інші), Доминик Ламмер (10-ыншы), Янни Лаюнен (21-інші), Райан Спунер (25-інші), Дарио Бюрглер (28-інші), Раффаэле Санниц (30-ыншы) салды. Ал «Барыстан» Антон Сагадеев (25-інші), Аркадий Шестаков (30-ыншы) және Эрик Тангрэди (41-інші) ерекшеленді.

Еске сала кетсек, «Барыс» Құрлықаралық хоккей лигасының (ҚХЛ) жаңа маусымын 3 қыркүйекте бастайды. Ол өз алаңында «Адмиралмен» кездеседі. Бұдан соң 5 қыркүйекте қазақстандықтар тағы да өз айдынында «Амурға» қарсы ойнайды.


Соңғы жаңалықтар