«Барыс» - шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогының иегері

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Барыс» шайбалы хоккейден Қазақстан Президенті кубогының иегері атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Үшінші кездесуде қазақстандық «Барыс» Магнитогорскінің «Металлург» командасымен шеберлік байқасты.

Алғашқы екі ойында жеңіске жеткен «Металлург» 4 ұпаймен көш басында тұрған еді. Ал «Барыстың» еншісінде 3 ұпай бар болатын.

Кездесу барысында елордалық хоккейшілер жинақы қимыл көрсетті. Десе де, есепті ресейлік хоккейші Филипп Майе 27-минутта ашты. Одан кейін «Барыс» сапынан Дінмұхамед Қайыржан 33, Джереми Бракко 34, Энтони Луис 37-минуттарда үш шайба соқты.

Ал 50-минутта «Металлург» хоккейшісі Валерий Орехов мергендік танытып, есеп айырмасын қысқартты.

Осылайша «Барыс» қарсыласынан 3:2 есебімен басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.

Екінші орын «Металлург» командасына бұйырса, үздік үштікті «Автомобилист» командасы қорытындылады.

Бұған дейінгі екі ойында «Барыс» алдымен «Автомобилистке» 3:4 есебімен ж ол беріп, одан кейін «Нефтехимикті» 3:0 есебімен тізе бүктірді.

Аталған турнир 2010 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді.

Бұған дейін «Барыс» 2010, 2011, 2013, 201, 2019, 2021 жылдарда турнир жеңімпазы атанды.



Фото: dm0qx8t0i9gc9.cloudfront.net




Соңғы жаңалықтар