«Барыс» - «Салават Юлаев» матчын қайдан көруге болады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін елордалық «Барыс» құрлықтық хоккей лигасындағы кезекті кездесуінде Ресейдің «Салават Юлаев» командасын қабылдайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ойын елорда уақытымен 19.30-да басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Екі команда бүгінге дейін 44 мәрте кездесті. Оның 16-сы «Барыстың» жеңісімен аяқталды. Қалғанында қарсыласына есе жіберді. Қуантарлығы, соңғы үш кездесудің екеуінде елордалық клубтың мерейі үстем болды.

«Салават Юлаев» 59 ойыннан кейін 66 ұпай жинап, қазір турнир кестесінде он екінші орында тұр. Ал «Барыс» 59 ойыннан кейін 79 ұпай жинап, алтыншы орында келеді. Командалар плей-офф кезеңіне берілетін жолдамаға қол жеткізіп үлгерді.

Соңғы турда «Салават Юлаев» Уфа қаласында «Сочи» командасынан 2:0 есебімен басым түссе, алты ойынға созылған жеңіс сериясынан кейін «Барыс» елордада «Сибирь» клубынан овертаймда 1:2 есебімен жеңіліп қалған еді.

«Барыс» бұдан кейін сырт айдында екі ойын өткізеді. Алдымен 24 ақпанда Ресейдің «Адмирал» (Владивосток), 26 ақпанда «Амур» (Хабаровск) командаларымен кездеседі. Содан соң құрлықтық хоккей лигасы тұрақты кезеңі аяқталып, плей-офф сатысы басталады.


Соңғы жаңалықтар