«Барыс» өз айдынында ЦСКА-ға бірде-бір шайба сала алмады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық «Барыс» клубы Құрлықтық хоккей лигасы аясында өз айдынында Мәскеудің ЦСКА-сын қабылдап, ойсырай жеңілді. Осылайша, ҚХЛ-дың қатарынан бес матчында бағы жанбады. Бұл туралы ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жанкүйерлер қызықты ойын боларын күтті. Себебі Нұр-Сұлтанға Гагарин Кубогының қазіргі иегері келді. Ал елордалықтар құрамында бірінші бөлімде жаңа хоккейші Линус Виделль шықты. Алғашқы кезең теңдей дерлік өтті. Ал екіншісінде «барыстықтар» ширай түсіп, қонақтарды қақпашылары Игорь Сорокин құтқарып тұрды. Алайда, соңғы минутта ЦСКА өкілі Богдан Кисилевич есепті ашты.

Соңғы жиырма минутта елордалықтар есе қайтарудың бірнеше мүмкіндігін жіберіп алып, ақыр соңында Максим Григоренкодан екінші шайбаны өткізіп алды. Ойынның нүктесін Кирилл Капризов қойды. Есеп – 3:0, қонақтардың жеңісі және айдын иелерінің қатарынан бесінші жеңілісі.

Енді, «Барыс» 12 қараша күні сыртта Череповецтің «Северсталь» клубымен ойнайды.

«Барыс» (Нұр-Сұлтан, Қазақстан) – ЦСКА (Мәскеу, Ресей) 0:3 (0:0, 0:1, 0:2)

Шайбалар:

0:1 — 39:03 Киселевич (Карнаухов).

0:2 — 52:38 Григоренко. Тең ойыншылармен

0:3 — 58:25 Капризов. Тең ойыншылармен, бос қақпаға

Қақпашылар: Паскуале — Сорокин

Айыптар: 6:8 (4:4, 2:4, 0:0).

Фото: www.hcbarys.kz

Соңғы жаңалықтар