«Барыс» ойыншылары ҚХЛ жұлдыздары матчының жеңімпазы атанды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Барыс» ойыншылары Роман Старченко мен Даррен Диц өнер көрсететін Чернышев дивизионының құрамасы ҚХЛ жұлдыздары матчында жеңіске жетті, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Диц Қазандағы Жұлдыздар матчының ақтық сынында Тарасов дивизионына қарсы ойында дубль жасады (4:3). Бұдан бұрын Роман Старченко жартылай финалда шайба салса, «Барыстың» бұрынғы шабуылшысы Найджел Доустың хет-тригі Харламов дивизионына үшінші орын алып берді.
Чернышев дивизионы - Бобров дивизионы - 4:3.

Шайба салғандар:

0:1 Кагарлицкий (Марченко), 02:07
1:1 Бурдасов (Верба, Хольм), 03:42
2:1 Диц (Верба), 03:58
3:1 Диц (Широков), 06:28
4:1 Коларж, 12:49
4:2 Шипачёв (Майоне, Марченко), 13:45
4:3 Кагарлицкий (Марченко), 16:53

Қақпашылар: Бобков - Хелльберг

Еске салайық, кеше Роман Старченко мен Даррен Дицтің командасы шеберлік шоуында жеңіске жетті. Тарихта алғаш рет жұлдыздар матчы мен ҚХЛ шеберлік шоуы бір дивизионды жеңіп алды.

Соңғы жаңалықтар