«Барыс» Құрлықтық хоккей лигадағы позициясы жақсарды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Құрлықтық хоккей лигасында Шығыс конференция клубтарының қатысуымен кезекті матч өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

«Барыс» буллиттер сериясында Линден Вей мен Никита Михайлистің шайбасының көмегімен минскілік «Динамоны» 3:2 есебімен жеңгені белгілі.

«Салават Юлаев» өзінің мұз айдынында өткен матчта нижегородтық «Торпедоға» 0:1 есебімен есе жіберді. Ал, «Нефтехимик» питерлік СКА-мен өткен матчта 2:8 есебімен ойсырай жеңілді. Осылайша, қазақстандық «Барыс» Шығыста өз орнын жақсартып, рейтингте тоғызыншы орынға көтерілді.
«Автомобилистерге» жету үшін (сегізінші орын) астаналықтар үш ұпай жинауы тиіс.


Соңғы жаңалықтар