«Барыс» құрлық хоккей лига ойындарына 13 мәрте қатысуда

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Құрлықтық хоккей лигасының плей-офф сатысында елордалық «Барыс» бүгін, 2 наурызда Ресейде «Металлург» (Магнитогорск) командасымен кездеседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыс талабы бойынша плей-офф кезеңінің ширек финалында екі команданың біреуі төрт жеңіске жеткенге дейін созылады.

Алғашқы кездесу 2 наурызда басталады. Магнитогорскіде сол күні және 4 наурызда екі ойын өтеді. Ал 6 және 8 наурыз күндері ойындар елордада болады. Қажет болған жағдайда қосымша ойындар 10, 12, 14 наурыз күндері өткізіледі.

Айта кетерлігі, «Барыс» құрлық хоккей лигасына биыл 13 мәрте қатысты. Соның он бірінде плей-офф сатысында бақ сынады. 2014, 2017, 2019, 2020 жылдарда жарыстың екінші кезеңіне шықты.

Екі команда бұған дейін плей-офф сатысында екі мәрте жолықты. 2011/2012 жылғы кезеңде шығыс конференциясында 1/4 финалда ресейлік клуб ойындар сериясында 4:3 есебімен жеңіске жетіп, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.

Ал 2016/2017 жылғы кезеңде екі команда шығыс конференциясында жартылай финалда жолығып, ойындар сериясында елордалық команда қарсыласына 0:4 есебімен есе жіберді.

2019/2020 жылғы кезеңде шығыс конференциясында ширек финалда «Барыс» аталған қарсыласын жалпы серияда 4:1 есебімен қапы қалдырды.

Ойын елорда уақытымен сағат 21.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан көрсетіледі.

Естеріңізге сала кетелік, бұдан бұрын «Барыс» соңғы турда «Авангардқа» есе жіберді.



Соңғы жаңалықтар