+7 (701) 759 90 19
USD 432.23 EUR 506.79
RUB 5.45 CNY 64.44
Jańalyqtar

«Барыс» командасының бапкерлер құрамы толық жасақталды

2020 жылғы 20 шілде 15:11
Бөлісіңіз:
«Барыс» командасының бапкерлер құрамы толық жасақталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордалық «Барыс» командасының бапкерлер құрамы толық жасақталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі команда сайтына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады ҚХЛ: «Барыс» «Сибирь» командасына жеңіліп қалды ҚХЛ: «Барыстың» бүгінгі ойынын қайдан көруге болады

Естеріңізге сала кетелік, биыл бас бапкер қызметіне қазақстандық маман Юрий Михайлис келген болатын. Оған Георгий Верещагин, Александр Шимин, Андрей Шаянов және Александр Ахцигер көмекшілік жасайтын болды. Ал бапкерлер құрамында Сергей Тамбулов видео-сарапшы қызметін атқарады.

Георгий Верещагин - Қарағанды хоккейінің түлегі. Бұдан бұрын ол Ю.Михайлиске «Номад» командасында, еліміздің студенттер және жастар құрамаларында көмекшілік жасады.

Өскемен хоккейінің түлегі Андрей Шаянов бұдан бұрын да «Барыс» командасында бас және аға бапкер қызметтерін атқарған. Былтыр «Барыс» жүйесіндегі «Снежные Барсы» клубында бапкерлер құрамында болды.

Ал Александр Ахцигер мен Сергей Тамбулов құрлықтық хоккей лигасы құрылғаннан бері елордалық клуб сапында еңбек етеді. Ал Александр Шимин «Барысқа» екі жыл бұрын қызметке келді.

Айта кетейік, таяуда ҚХЛ тұрақты чемпионатын өткізудің бірнеше нұсқасы дайындалған болатын.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT