«Барыс» ҚХЛ көшбасшысын овертаймдағы жеңістер саны бойынша қуып жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төменгі Новгородта «Торпедоны» (3:2), жеңген қазақстандық «Барыс» ҚХЛ-дың осы маусымында бесінші овертаймдық жеңіске жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Бір қызығы, Нұр-Сұлтан қаласының клубы осы көрсеткішпен бұрын көш бастаған Минск «Динамосын» басып озған болатын. Табысты қосымша бес минуттың пайызы бойынша «Зубрлар» алда келеді – ықтимал 10 жеңістің 5-і. Тағы үшеуіне буллиттер сериясында қол жеткізілген.

«Барыста» 12 овертаймның 5-уінде жеңімпаз атанды.

23 желтоқсанда қазақстандық клуб Омбының «Авангардымен» ойнайды.


Соңғы жаңалықтар